Фото: Polisia.kz
Шымкенттіктерді 60 млн теңгеге алдады деген күдікті іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мыңбаева Азиза Мамытқызы 1963 жылы туған. ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) бойынша күдікке ілінді.
Ол 5 азаматты 60 млн теңгеге алдап соққан. Сатылатын үйлердің иелеріне жылжымайтын мүлік құнының 10-15 пайызын төлеп, сенімхат жазып беруге көндіріп, қалған соманы жақын арада өтеуге уәде берген. Қажетті құжатты алғаннан кейін, ол басқа біреудің мүлкін қайта сатып жүрген.
Қазір әйел тергеу органдарынан жасырынып жүр. Айта кетейік, ол бұрын да іздеуде болған" - делінген хабарламада.
Іздеуде жүрген адамның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпаратқа ие барлық адамдарды "102" арнасына немесе көрсетілген нөмірлер бойынша хабар беру сұралады: (8-771-671-56-63) 57-27-42, 51-22-01, 57-27-60, 57-01-02, факс: 57-03-41.