09 мау, 2021 сағат 12:03

Шымкентте банк қызметкерлері 4 мың еуро жалған ақша сатқан


Шымкентте банк қызметкерлері клиенттерге жалған еуро сатып келген. Бұл қылмысты қалалық Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері әшкере қылған, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шымкенттегі банктердің бірінің қызметкерлері номиналы 500 еуро банкноттарды сатып келген. Департаменттің мәліметінше, банктің 5 қызметкері алдын ала сөз байласу арқылы клиенттерге жалпы сомасы 4 мың еуро жалған қағаз ақшаны өткізген.

«Тергеу барысында белгілі болғандай, 2020 жылы банк қызметкерлерінің бірі жалпы сомадан 25% көлеміндегі сыйақы үшін жалған 6 000 еуроны теңгеге айырбастаған.

Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен кінәлілер 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қазіргі таңда банк қызметкерлеріне жалған купюра берген адамға халықаралық іздеу жарияланды», - делінген ведомство ақпаратында.