19 мау, 2023 сағат 13:45

Шымкентте әскери қызметші жүгіру жаттығуларынан кейін қайтыс болды

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі

ҚР Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы Шымкенттегі әскери қызметшінің қазасы туралы мән-жайды хабарлады.

"15 маусымда 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес әскери қызметшілермен қашықтықты жаяу еңсеру бойынша жүгіру жаттығулары өткізілді. Іс-шара аяқталғаннан кейін әскери қызметші Б. өзін нашар сезінді және оған дереу алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Әрі қарай ол Шымкент қаласының Бірінші қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіліп, реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Келесі күні сағат 17:15 шамасында әскери қызметшінің қайтыс болғаны анықталды", - деді ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі өкілдері.

Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалған.

"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының және ҚР Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімі қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.