Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі
Шымкенттегі фитнес-клубтардың біріндегі бассейнде 4 жасар бала батып кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтарда Тұран ауданының 8 шағын ауданындағы фитнес-клубтың бірінде болған.
Сол күні сағат 17.25-те Шымкент қаласы ТЖ департаментіне жедел медициналық қызметтен 2018 жылы туған баланың балалар бассейніне батып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.
"Бассейнде шомылу кезінде (тереңдігі 1,2 м, ені 5 м) бала ересектердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткені анықталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалған", - делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.