31 там, 2023 сағат 14:24

Шымкентте 3 жасар баланың қолы еттартқышта қысылып қалған

Фото: Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті

Шымкентте құтқарушылар дәрігерлерге баланың қолын электр тартқыштан босатуға көмектесті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Сайрам елді мекеніндегі N3 Шымкент қалалық ауруханасында Шымкент қаласы ТЖ департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері баланың қолын электр ет тартқыштан босату бойынша бірегей операция жүргізген.

Қалалық ауруханадан "112" құтқару қызметіне 3 жасар бала қолын электр ет тартқыштың құбырына тартып алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Дәрігерлер оның қолын шығарып ала алмаған соң, құтқарушылардың көмегі қажет болған.


Ата-аналардың айтуынша, бала электр тартқышпен жұмыс істеген кезде оның жанында болған.  

"Құтқарушылар операцияны дәрігерлермен бірге жүргізді. Төтенше жағдай қызметкерлері авариялық-құтқару құралының көмегімен ет тартқыштың корпусын мұқият кесіп, қолын босатты, бұл сәтте баланы наркоз арқылы ұйықтатып қойған.

Қазіргі уақытта бала №1 қалалық балалар клиникалық ауруханасында реанимация бөлімінде" - делінген хабарламада.