Фото: Шымкент полициясы
Шымкент полициясы жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Шымкенттегі жарылыс дерегі бойынша Еңбекші АІІБ қызметкерлері ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі "Адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша соталды тергеуді бастады", - деп хабарлады Шымкент ПД баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, жарылыс Шымкенттегі перзентхана маңында болды. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Оның өртеніп кеткен мәйіті табылды.