Пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау жазатайым оқиғаға әкеп соқты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
"8 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында тұрғын үйден 1950 жылы туған әйелдің өлі денесі табылды, сондай-ақ оның 1973 жылы туған ұлы көміртегі тотығымен улану белгілерімен бірінші қалалық ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады ведомство.
ТЖМ айтуынша, қайғылы жағдайға пешті жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау, атап айтқанда түтін шығатын мұржаны тазаламау себеп болған.
10 наурызда Шемонаиха ауданында осыған ұқсас оқиға болды. Камышенка ауылында 1965 жылы туған әйел мен оның 1989 жылы туған ұлы үйде көміртегі тотығымен уланып қайтыс болды. 1986 жылы туған екінші ұлы ауыр һәлде ауруханаға жатқызылды.
Оған да пеш түтіні себеп болған.