29 ақп, 2020 сағат 11:33

Шпекбаев: Қазақ күресін халықаралық дәрежеге көтергіміз келсе - бюджеттен қаржы бөлу керек

Қазақ күресі ережелерін белгілі бір жүйеге алып келуіміз керек. Бұл туралы елордада өткен Qazaq kuresi ассосациясының Конгресінде айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақ күресі қазір елімізде ғана емес, дүние жүзі бойынша кең көлемде танымал бола бастады. Бүгінгі таңда бұл салада шешімін таппаған мәселелер бар екенін де айта кету керек. Дүниежүзілік қазақ күресінің бірінші мәселесі - қаржыландыру. Қайырымдылықтың арқасында көптеген шаралар өтіп жатыр, бірақ бюджеттен қаржыландырылуға тиісті. Егер қазақ күресінің деңгейін халықаралық дәрежедегі деңгейге көтергіміз келсе - бюджеттен қаржы бөлу керек», - дейді Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Алик Шпекбаев. 

Ол Халықаралық қазақ күресі федерациясы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясы және Республикалық қазақ күресі федерацияларында ережелер әртүрлі екенін айтты.