18 сәу, 2024 сағат 14:08

ШҚО еріктілері «Киелі мекен» апталығына белсенді қатысып жатыр


«Киелі мекен» апталығы аясында ШҚО-дағы мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, жастар мен тұрғындар тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруда.

Өскемендегі Қабанбай батыр ескерткішінің маңында сенбілік басталды. 2014 жылы ашылған бұл алты метрлік монументтің авторы – Нұрлан Далбай. Аты аңызға айналған қолбасшы ат үстінде бейнелеген.


"Абаттандыруды нақ осы Қабанбай батыр ескерткішінен бастағанымыздың өзіндік мәні бар. Бұл – жай ғана монументалды тарихи-мәдени нысан емес, қасиетті орын! Сондықтан осы аумақты тәртіпке келтіріп, абаттандыру өте маңызды", – дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі Алдияр Әубәкіров.


«Таза Қазақстан» акциясына қатысушылар қыс мезгілінде ескерткіштің айналасына жиналып қалған бүкіл қоқысты тазартты. Бір апта ішінде олар Шығыс Қазақстандағы басқа да киелі орындардың аумағын ретке келтіреді.


Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатыр. Ол бес аптаға созылады, әр апта белгілі бір тақырыпқа арналған.