Фото: ru.freepik.com
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу жүйесін мониторингілеу барысында 2,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеді.
Бұл туралы ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Денис Шакенов қоғамдық коммуникациялар орталығында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Мысалы, мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында ШҚО білім басқармасының "Марқакөл ауылының мектеп-интернат-колледжі" КМК қыркүйек айында жеңіл автокөлікке арналған шиналардың 1 данасын 420 мың теңгеге, жалпы сомасы 4 дана шинаны 1 млн 680 мың теңгеге сатып алмақ болғандығы анықталды. Алайда мұндай шиналардың 1 данасының орташа бағасы 30 мың теңгеден 80 мың теңгеге дейін тұрады. Департаменттің ұсынымынан кейін шиналардың бағасы қайта қаралып, үнемделген қаражат 1 млн 230 мыңды құрады", - деп атап өтті Денис Шакенов.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда үнемделген қаражатқа осы колледждің автобусы үшін қосымша қосалқы бөлшектер сатып алынады.