Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аудандардың бірінің әкімінің орынбасарына қатысты 1 800 000 теңге сомасында, яғни кәсіпкерден айтарлықтай мөлшерде пара алу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Күдікті қамауға алынды", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі.
Басқа мәлімет тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды. Кінәлілік дәрежесіне байланысты түпкілікті үкімді сот шығарады.