23 қаң, 2023 сағат 12:47

Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны: алғашқы көлік Алматыда тіркелді

Фото: Polisia.kz

Шетелдік көлікті заңдастыру науқаны аясындағы алғашқы көлік Алматыда тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Портал мәліметінше, бүгін Алматы тұрғыны, 39 жастағы Сейілбек Олжабеков 2019 жылы Армениядан әкелінген көлігін тіркеді.

«Мен – көп балалы әкемін, осы көліктің арқасында күн көремін, жеке жолаушылар тасымалымен айналысамын. Мемлекет берген осындай бірегей мүмкіндікті пайдаландым. Бұл - шынымен де халықты қолдау. Біз өте ризамыз. Ақыры көлігімді заңдастыра алдым», – дейді, Сейілбек Олжабеков.

Еске салайық, бүгін, яғни 23 қаңтар Қазақстанда шетелдік көліктерді заңдастыру науқаны басталды. Бұл науқанды кез келген көлік иесі пайдалана алады және заңдастыруға өтініш бере алады.