11 ақп, 2020 сағат 14:47

Шетелдік еңбек мигранттарының Қазақстаннан шығарған қаражат көлемі белгілі болды

Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жауабында шетелдік еңбек мигранттарының Қазақстаннан шығарған қаражат көлемін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ұлттық банктің бағалауы бойынша 2019 жылдың 1-жартыжылдығында Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғаларының Өзбекстан Республикасына аударымдары 60 млн, Тәжікстан Республикасына – 7,4 млн, Өзбекстан Республикасынан ҚР-ның резидент жеке тұлғаларының пайдасына – 17,0 млн, Тәжікстан Республикасынан – 1 млн АҚШ долларын құрады. Төлем балансының деректері бойынша бейрезидент жеке тұлғалардың пайдасына резидент жеке тұлғалардың шетелге ақша аударымдары басым түрде ТМД елдеріне және алыс шетелдің жекелеген елдеріне жіберіледі», - деп атап өтеді Асқар Мамин.