18 наурыз Қазақстан аумағына Германия, Франция, Мальдив Республикасы, Кипр, БАӘ, Мысыр, Иран, Түркия, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 34 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім еткендей, өткен бір тәулікте елімізге шетелден 3 771 жолаушы ұшып келді. Оның 3 414-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Қалған 357-сі анықтамасыз келген, барлығы да – ҚР азаматтары.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 19 рейс, 1 932 жолаушы, анықтамамен – 1 803, анықтамасыз - 129;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 200 жолаушы, анықтамамен – 972, анықтамасыз - 228;
- Шымкент қаласының әуежайына – 5 рейс, барлық 490 жолаушы анықтамамен келген;
- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 149 жолаушы анықтамамен келген.
«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - деді комитеттен.
Сондай-ақ 17 наурызда шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақситанның 387 азаматының талдау нәтижелері дайын болған. Оларға сәйкес, «Шарм эль-Шейх – Алматы» рейсіндегі – 3 жолаушыдан, «Шарм эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсіндегі 1 жолаушыдан коронавирус анықталды.