2021 жылдың 21 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Венгрия, Мальдив Республикасы, Шри-Ланка, Ливан, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан 43 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
5 356 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5 179 адам, анықтамасыз 177 ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 868 жолаушы, анықтамамен - 2 727, анықтамасыз - 141;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 265 жолаушы, анықтамамен - 1 236; анықтамасыз - 29;
Шымкент қаласының әуежайына – 8 рейс, 576 жолаушы анықтамамен келген;
Ақтау қаласының әуежайына – 2 рейс, 196 жолаушы анықтамамен келген;
Түркістан қаласының әуежайына – 2 рейс, 370 жолаушы, анықтамамен - 363; анықтамасыз - 7;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 81 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
2021 жылдың 20 наурызында шетелден анықтамасыз келген 400 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Шарм-эль-Шейх – Ақтөбе рейсімен, екінші жолаушы Минск – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.