Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов шетелдегі қазақстандықтарды елге қайтару жұмысы қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Біз шетелдегі 5 мыңға тарта отандасымызды елге қайтаруымыз керек. Бүкіл әлемде рейстер айтарлықтай азайып кеткендіктен оларды чартерлік рейспен елге қайтару жұмысы жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұл іс мемлекет есебінен жүргізілмейтінін еске саламын. Оны туристік қор өз міндетіне алады», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында өткен онлайн режімдегі брифинг барысында.
Үкімет басшысының орынбасары осы жылдың 23 наурызына дейін 4 мыңға тарта қазақстандықты қайтару үшін 18 рейс орындалатынын жеткізді.