19 нау, 2021 сағат 09:48

Шетелде демалып келген қазақстандықтардың 80 пайызынан коронавирус анықталады - ДСМ

Туристерді ПТР-тестілеу туроператорлар пакеттерінің құнына енгізілетін болады. Бұл туралы ДСМ хабарлады.

Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды. 

Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ы ПТР тестсіз оралады. Олардың 41%-ы Египеттен, 27%-ы Мальдивтен, 16%–ы БАӘ-мен және 8,3% - ы Түркиядан келген. 

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-нда коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ-ден - 51.