23 мау, 2023 сағат 13:38

Шемонайхадағы жарылыс: Облыс әкімі зардап шеккендердің отбасына көмек көрсетілетінін айтты

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев Шемонайхада болған жарылыс туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі Altaynews.kz порталына сілтеме жасап.

Осы жағдайдан кейін аудандық ауруханаға облыстың бас дәрігері Гүлмира Сағидуллина барды. Ал оқиға орнына Шығғыс Қазақстан облысы полиция деартаментінің басшысы, тергеу тобы, облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен Шемонайха ауданының әкімі Григорий Акулов барды.

Сондай-ақ бүгін облыс әкімі тиісті тапсырма берді.

"Зардап шеккендердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Өңірде осындай жағдайды болдырмас үшін төтенше жағдайдың тергеу нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз", – деді облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Еске сала кетейік, 22 маусымда Шемонайхада газ баллонын толтыру бекетінда жарылыс болып, салдарынан 4 адам зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Хабарланғандай, екі ер адам жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр, күйік шалған тағы екі адам – хирургиялық бөлімде.