04 шіл, 2020 сағат 11:59

Шектеу шаралары күшейтіледі: Балалардың аулада ойнауына рұқсат беріле ме

5 шілдеден бастап елімізде шектеу шаралары күшейтілгеннен кейін балалардың аулада ойнауына бола ма? Бұл сауалға бүгін Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаулыда балалардың аулаға шығуына тыйым салу көзделмеген. Дегенмен, біз кәмелетке толмаған балалар көшеде, аулада ересектермен бірге ғана жүруге, сонымен қатар кез келген байланыстан барынша аулақ болуға кеңес береміз. Яғни, біздің кеңесіміз балалар аулада ойнаға кезде бір отбасының мүшелері шегінде ғана жүргені дұрыс. Өзге балалармен байланыста болмауға тырысу қажет. Өйткені, аурудың біреуден біреуге таралуы жүріп жатыр», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол карантиннің барлық шаралары вирустың адамнан адамға таралуының алдын алуға тізбекті үзуге бағытталып отырғандығын баса айтты.