видео кадры
Маңғыстаудағы Ыбықты сай шатқалында ойып жазу жазған Қазақ зағиптар қоғамы қалалық мәдениет үйінің директоры Манас Көшербаев қызметінен кетті.
Бұл ақпаратты Ақтөбе мәдениет басқармасы басшысы Алтынай Юнисова растады. Ол Манас Көшербаевтың жұмыстан кету өтінішін өз еркімен жазғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
Еске салайық, шатқалда жазу жазған шенеунік бұл әрекеті үшін кешірім сұраған болатын.
"Ыбықты сай - Маңғыстаудың көркем жерлерінің бірі. Өкініштісі, қараусыз қалған. Жолы өте нашар, жан-жағы қоқысқа толы. Сол әдемі, керемет үңгірдің іші толған жазу, әдепсіз сөздер. Сондай бір дөрекі сөзді әдемі есімге айналдырмақ ниетім ғана болды. Аңдаусыз жаза бастым!", - деген еді Манас Көшербаев.