Фото: instagram.com/qazaqormany
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде фототұзақ арқылы Қызыл кітапқа енген сабаншы тіркелді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" парктің Instagram парақшасына сілтеме жасап.
"Сабаншы – аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды.
Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тиым салынған", - делінген жазбада.