«Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан» әуе рейсімен келген жолаушыдан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті.
7 қаңтарда халықаралық авиарейстермен Қазақстан аумағына Германия, Нидерланды, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ және Өзбекстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.
1 904 әуе жолаушыларының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 629 адам, анықтамасыз 275 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 6 рейс, 1 090 жолаушы, анықтамамен - 923, анықтамасыз - 167;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 644 жолаушы, анықтамамен - 536; анықтамасыз - 108;
Қарағанды қаласының әуежайына – 2 рейс, 9 жолаушы анықтамамен келген;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 88 жолаушы анықтамамен келген;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 73 жолаушы анықтамамен келген.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша COVID-19-ға ПТР талдау әдісімен тест тапсырды және карантин стационарында сынама нәтижесін күтіп жатыр.
Сондай-ақ, 6 қаңтарда анықтамасыз келген 299 ҚР азаматының тапсырған ПТР талдау нәтижесі бойынша «Шарм-ел-Шейх – Нұр-Сұлтан» әуе рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекция анықталды.