AFP 2022 / Jung Yeon-je
Оңтүстік Кореяның Ішкі істер министрлігі Сеулдегі Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқандар санына қатысты жаңа дерек жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Сеулдегі Хэллоуиннің құрметіне ұйымдастырылған мерекедегі қайғылы жағдайдың салдарынан тағы бір адамның мерт болғаны расталды. Осылайша, қаза тапқандар саны 155-ке жетіп отыр", – деп мәлімдеді билік өкілдері.
Ренхап агенттігінің жазуынша, 24 жастағы кореялық азаматшаның өлімі 31 қазанда жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21-00-де (Астана уақыты бойынша 18:00) тіркелген.
Қазір таңда мамандар 30 адамның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.