18 мам, 2021 сағат 13:57

«Сергектің» айыппұлын жоямын деп желіде жарнама берген адам ұсталды


Әлеуметтік желіде «Сергектің» айыппұлдарын жойып беремін деген жарнама пайда болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әлеуметтік желіде «Сергек» автоматтандырылған жүйесі тіркеген жол ережесін бұзу фактілері бойынша тағайындалған айыппұлдарды жою жөнінде хабарлама тарады. 

Алматы қалалық Полиция департаменті бұл фактіні тексерді.

«Нәтижесінде Алматы қаласының жас тұрғыны анықталып, тергеуге алынды, ол белгілі болғандай, айыппұлдарды заңды түрде жою бойынша заңгерлік қызмет көрсетумен айналысатын болып шықты. Ер адам түсіндіргендей, мұндай «түсініксіз» жарнамаларды орналастыру арқылы клиенттерді қызықтырып, тартқысы келген», - деді Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

Оның айтуынша, автоматтандырылған жүйе жұмысына адами фактор ықпал ете алмайды.