ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сүйіндік Алдашев электр энергиясымен байланысты тарифтердің бәрін бір ғана меморганға беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Энергетика саласындағы инвестициялық келісімдердің қарымта міндеттемелері мен тарифтерді бақылауды уәкілетті органға қайтару қажет. Тариф белгілеу әдістемесін жетілдіре отырып, бірыңғай ұлттық тарифтік саясатты айқындау керек. Тариф белгілеу функцияларын бір ғана мемлекеттік орган (Энергетика министрлігі немесе Табиғи монополияларды реттеу комитеті) жүзеге асырғаны орынды деп санаймыз», - деген сенатор электр энергиясының көтерме сауда тетіктерін өзгертуді ұсынды.
«Электр энергиясын сатудың ашық өткізу үшін, олигополияның әрекетін шектеу үшін тікелей келісімшарт жасасуды алып тастау қажет немесе шектеу керек. Энергия тиімділігі және энергия үнемдеу саласындағы құзыреттерді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен Энергетика министрлігіне беру ұсынылады», - деді Сүйіндік Алдашев.