Фото: El.kz
Сенат депутаты Жанна Асанова әскердегі әлімжеттікпен күресудің жолын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
"Әскерге шақыру қажет. Өйткені әскерге барған көптеген жігіттер басқа адам болып оралады. Әскер - ер адамдардың мектебі. Бірақ баланы алысқа жіберу психологиялық жағынан ата-анасына да ауыр тиетіні сөзсіз. Осындай қиындықтарды болдырмас үшін, әлімжеттіктің алдын алу үшін тұрғылықты жер бойынша бөлу керек сияқты. Мұнда бәрі бірін-бірі таниды: туыстары, құдалары, ағалары. Ең болмаса бір-бірін ренжітпейді. Бәлкім, сол кезде әлімжеттік болмайтын шығар", - деді депутат әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау мәселелеріне арналған комиссия отырысында.