Сенат депутаттар Жоғары сот судьясы Жаңылсын Архарованы қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және ҚР Конституциясының 55-бабының 1) тармақшасына және «ҚР Сот жүйесі мен сульяларының мәртебесі турлы» ҚР Конституциялық заңы 34-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқықтық қорғау органдары комитеті мынадай қорытындығы келді:
ҚР Парламентінің Сенатына Жаңылсын Баянқызы Архарованы орнынан түсуіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының судьясы қызметінен босатуды ұсынады», - деді сенатор Владимир Волков.
Депутаттар ұсынысты қолдап, тиісті қаулыны қабылдады.