24 ақп, 2022 сағат 13:15

Әшімбаев Украинадағы оқиғалар туралы: Бейбіт шешімін іздеу керек

Фото ©REUTERS

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы оқиғаларға қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Сенат спикерінің айтуынша, қазіргі жағдайда дауды келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешуге ұмтылу маңызды.

"Біз жағдайдың шиеленіскенін көріп отырмыз. Ол жаңа кезеңге өтті. Ақпарат келіп жатыр, оған сәйкес жағдай шиеленістің жаңа деңгейіне көтерілді деп бағалауға болады. Бұл жағдайда келіссөздер арқылы осы қақтығыстың саяси бейбіт шешімін іздеу өте маңызды. Барлық мүдделі тарап шақырылған келіссөз. Келіссөздер барысында барлық қатысушы тарап мүдделері ескерілуі керек және БҰҰ шеңберіндегі келіссөздер тиімді болар еді", - деді Әшімбаев Сенат отырысында.

Бұл ретте ол бүгінде БҰҰ осындай мәселелерді қарастыратын негізгі халықаралық ұйым екенін айтты.

"Сондықтан, бұл - менің жеке пікірім, осы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге мүмкіндік бар және барлық қажетті шешім қабылдануы керек деп есептейміз", - деп қосты Мәулен Әшімбаев.