Сбербанк Қазақстан және оның барлық жүйесі штаттық тәртіпте жұмыс істейді, жеке және заңды тұлғаларға қаражаттар мен сервистер толық көлемде қолжетімді, деп хабарлайды ҚазАқпарат аталған банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Теңгедегі және шетел валютасындағы шоттардан ақша шешіп алу және оларды толықтыру офистерде, банкоматтарда, Sber KZ мобильді қосымшасында және СберБизнесте, сондай-ақ басқа да қызмет көрсету каналдарында шектеусіз қолжетімді. Барлық төлем жүйелерінің пластикалық карталары бойынша тауарлар және қызмет ақысын төлеу, ақша аударымдары және операциялар жүргізіліп жатыр және толық көлемде қолжетімді болады. Валюта айырбастау шектеусіз жүргізіледі», - делінген хабарламада.
Қабылданған шектеулер клиенттердің қаражаттарының сақталуына және қолжетімділігіне әсер етпейді.
Сбербанктің орын алған жағдайда қалыпты жұмыс істеу үшін барлық қажетті ресурстары мен тәжірибесі бар.