02 нау, 2022 сағат 13:41

Сбербанк Еуропа нарығынан кетіп жатыр


Сбербанк Еуропа нарығынан кетіп жатыр, бұл туралы кредиттік ұйымның мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Қазіргі жағдайда Сбербанк Еуропа нарығынан кету туралы шешім қабылдады. Еншілес банк бөлімшелері аса ірі көлемде қаржыны жылыстату фактілеріне тап болып, қызметкерлер мен бөлімшелердің қауіпсіздігіне қауіп төнуде», - деді банктен. 

Хабарламада Ресей Федерациясының Орталық банкінің нұсқауына сәйкес Ресей Сбербанкі Еуропадағы еншілес банктерді жеткілікті деңгейде қаржымен қамтамасыз ете алмайтындығы айтылған.