29 жел, 2021 сағат 11:42

Саясаттанушы Селтеев «Nur Otan» туралы: «Билеуші партия елдегі барлық жаңғырту процесстерінің локомотиві болды»


«Nur Otan Trends» пікірталас алаңының кезекті жиыны өтті. Кездесу барысында сарапшылар қазақстандықтар үшін басты бағдар болған Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын талқылап, Қазақстандағы өзекті қоғамдық-саяси мәселелер бойынша пікір алмасты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Кездесуге қатысушылар Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттар жиынтығын жүзеге асырудың маңыздылығын, олардың халық пен ел үшін сындарлы мәнін атап өтті.

Еуразиялық интеграция институтының директоры, саясаттанушы Оразғали Селтеев өз сөзінде билеуші ​​партия мен басқа да барлық қоғамдық-саяси қозғалыстар елдіктің 7 тұғырында айтылған құндылықтарды нығайту жолында қызмет етуі керектігін, сондай-ақ олар мемлекет дамуының негізі болғандықтан халық арасында да кең қолдау тапқанын айтты.

«30 жылдықтың басты нәтижесі – еліміздің саяси, аумақтық және экономикалық тәуелсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл жерде Қазақстанның Тұңғыш Президентінің рөлі мен сіңірген еңбегі ерекше. Елбасы Nur Otan алдына тек саяси алаңда ғана емес, қоғамдық салада басымдық көрсетіп, халықпен арадағы көпір болу мақсатын қойды», -  дейді спикер. 


Саясаттанушы «Жеті тұғыр» – бұл Елбасының идеологиялық кешенді үндеуі, бұл басымдықтармен әрбір қазақстандық даусыз келісетінін атап өтті.

Сарапшы әртүрлі саяси партиялардың, азаматтық белсенділер мен қозғалыстардың өз көзқарасы болуы мүмкін екенін, алайда негізгі саяси бағыт бойынша ортақ келісімнің болуы керектігін айтты. Билеуші партия ретінде Nur Otan-ға сабақтастықты сақтау үшін қоғамды Президенттің мемлекеттік бағыты төңірегінде топтастыру, еліміздің дамуы мен саяси тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында ерекше міндет жүктелген дейді.

«Ішкі саяси тұрақтылыққа көбінесе сол үстемдік етуші партияның орны бар 20 жыл бойы қалыптасқан партиялық-саяси жүйенің арқасында қол жеткізілді. Осы жылдар ішінде сол билеуші партия елдегі барлық жаңғырту процесстерінің локомотиві болды», - деді О.Селтеев.