Парламент Мәжілісіндегі Nur Otan партиясы фракциясының бос мандаты Саясат Нұрбекке беріледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Бұл жайында партияның атқарушы хатшысы Асхат Оралов мәлім етті.
«Бүгін «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі. Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды» деп жазды ол Facebook парақшасында.
Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.