02 қар, 2022 сағат 10:06

Сатыбалдыұлы ісі: 230 миллион доллар тұратын асыл тастар қайтарылды


Антикор Қайрат Сатыбалдыұлы ісіне қатысты тергеу туралы айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ведомство мәліметінше, Сатыбалдыұлы мен басқа да адамдарға қатысты қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде алыс шетелдерде фигуранттарға тиесілі, құны 230 миллион АҚШ долларынан асатын, мемлекет кірісіне айналдырылған эксклюзив асыл тастар мен зергерлік бұйымдар елге қайтарылды", - делінген Антикор хабарламасында.

Сонымен қатар, Қайрат Сатыбалдыұлының шетелдік бағалы қағаздарға 300 миллион АҚШ долларын салу дерегі анықталды. Көрсетілген сома жақын арада Қазақстан бюджетіне түседі.