20 қаң, 2022 сағат 17:35

Сарапшылар мұнай бағасы 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін екендігін айтты


Бейсенбі күні халықаралық нарықта Brent маркалы мұнайдың баррелі 88,29 доллар бағасында сатылып жатыр. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

20 қаңтар күні сағат 09:16-да Brent мұнайының бағасы 0,16 процентке қысқарды – баррелі 88,29 доллар болды.

WTI маркалы мұнай фьючерстерінің құны 85,76 долларды құрады.

Мұнайдың арзандауына АҚШ-тағы шикі мұнайдың коммерциялық қоры салыстырмалы түрде өсті деген болжа ықпал етті.

Сонымен бірге, сұраныстың тұрақты түрде қалпына келуі және жеткізілімнің уақытша қысқаруы мұнай бағасының өсуін шектейді.

Йемендегі хуситтердің БАӘ-ге шабуылы және Ресей, АҚШ және НАТО арасындағы Украина үшін шиеленістің ушығуы жеткізілімді қысқарту мүмкін.

Сарапшылар COVID-19-ға қарамастан, ұсыныс сұранысты қанағаттандырмаса, алдағы айда мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілуі мүмкін деп болжап отыр.