Сарапшылар этносаралық «өшпенділік тілін» алдын алуға арналған «QazNetEtiquette» әдеп кодексін және мемлекеттік қызметшілерге «өшпенділік тілінің» мониторингі мен алдын алу бойынша әдістемелік нұсқауды ұсынды.
Бүгін Астанада этносаралық «өшпенділік тілін» алдын алуға арналған «QazNetEtiquette» әдеп кодексінің және мемлекеттік қызметшілерге арналған «өшпенділік тілінің» мониторингі мен алдын алу бойынша әдістемелік құралдың тұсаукесері өтті.
Екі құжатты халықаралық және қазақстандық құқық қағидаттарына негізделе отырып, отандық және шетелдік сарапшылар әзірлеген. Құжатта «өшпенділік тілі» ұғымына анықтамалар берілген, оның критерийлері, араздық дискурсын таратқаны үшін заңдылық пен моральдық айыптау шектері, адам құқықтары саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік және т. б. нақты түсіндірілген.
Жобаны «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен, сонымен бірге Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің қаржылық қолдауымен іске асырды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Д. Қадыров өз сөзінде интернет кеңістігінде дұшпандық риторикасының, ксенофобия мен төзімсіздіктің таралу қаупін атап өтіп, этносаралық қатынастарға қатысты қоғамдық әдеп кодексінің ерекше өзектілігін атап өтті.
Бұған дейін «MediaNet» халықаралық журналистика орталығы ұсынған құжаттарды әзірлеудің алдында медиа саласындағы дұшпандық дискурсы бойынша үлкен сараптамалық жұмыстар мен терең зерттеулер жүргізілгенін атап өткен жөн.
Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің директоры Йоханнес Д. Рай алғы сөзінде, бұл жоба жалпы жұртшылық пен мемлекеттік қызметшілердің, әсіресе геосаяси дағдарыстар кезінде және әлеуметтік желілердің ықпалының артуы кезінде этносаралық «өшпенділік тілі» мәселелері бойынша хабардарлықты арттыруға өз үлесін қосады деген үмітін білдірді.
Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ. Шойкин адамдардың күнделікті өмірде қолдануы үшін әлеуметтік желілерде әдеп кодексімен мүмкіндігінше көп интернет пайдаланушылардың танысуын насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Бұл елдегі этносаралық келісім деңгейін арттыруға, этносаралық негіздегі жанжалдардың алдын алуға ықпал ететін болады.
Тұсаукесерге Президент Әкімшілігінің, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің, Халықаралық ұйымдардың өкілдері, азаматтық қоғам сарапшылары, «Қоғамдық келісім» РММ, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының өкілдері, журналистер және т. б. қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша жобаны одан әрі дамыту, тренингтер өткізу және өңірлерде әдеп кодексін тарату, жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Ұсынылған материалдарды қазақ және орыс тілдерінде келесідей сілтеме бойынша жүктеуге болады.