Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Сапарбаевтың Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
***
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Құрметті әріптестер!
Біріншіден Елбасына, Сізге Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы әлеуметтік саладағы халықтың әл-ахуалын жақсартуға бағытталған шешімдеріңіз үшін бүкіл қазақстандықтардың атынан алғыс білдіреміз!
2019 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету мен қолдауға 3,4 трлн теңге бөлінді, бұл республикалық бюджеттің 27%-ын құрайды. Жалпы, елімізде әлеуметтік төлемдердің 39 түрі көрсетіледі.
Биылғы жылы жұмыскерлердің жалақысы екі рет өсті. Ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есе арттыру 1,3 млн адамның табысын ұлғайтуға мүмкіндік берді. 203 мыңнан аса жұмыс берушілер төмен жалақы алатын 1,1 млн жұмыскердің жалақысын көтерді. Маусым айынан бастап 1,1 миллионнан астам азаматтық қызметшілердің жалақысы 30%-ға көбейді. А.ж. 6 айда 5 млн 200 мың қазақстандық әлеуметтік көмек алды.
Бүгінгі күні елімізде 2,1 миллионнан астам зейнеткер бар. Былтырғы жылдың жартысынан бастап базалық зейнетақы төлемдері тікелей еңбек өтіліне байланысты тағайындалуда. Нәтижесінде базалық зейнетақы орта есеппен 80%-ға көтерілді.
Еліміз бойынша орташа жалақы 85 692 теңгені құрайды.
Оң беталыстарға қарамастан, шешуді қажет ететін проблемалық мәселелер бар.
Біріншіден, 6 млн-ға жуық азамат немесе жұмыспен қамтылған тұрғындардың 70%-ы қатысатын жинақтаушы зейнетақы жүйесімен жұмыспен қамтылған тұрғындардың толық қамтылмауы. Қазір 6 миллиоға жуық азамат немесе жұмыспен қамтылғандардың 70%-ы ғана зейнетақы жарналарын аударып жатыр. Бұл жарналар республика бойынша еңбекақы қорының 45%-ынан төленеді.
Бұл ресми емес еңбек қатынастарының және экономикада көлеңкелі сектордың болуын көрсетеді. Біріншіден, жұмыскердердің ресми табыстарының төмен деңгейі.
Қатысушылардың 85%-ға жуығы жарналарды 85 000 теңгеге дейінгі табыстан аударады.
Үшіншіден, зейнетақы жүйесіне деген сенім төмен деңгейде болып отыр. Ұлттық банктің Үкіметпен бірлесіп жинақтаушы зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша тиісті шаралар қабылдауын ұсынамыз.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 685 мың мүгедек адам тұрып жатыр. Шілде айынан бастап Ақтөбе облысының әкімдігімен бірлесіп Әлеуметтік қызметтер порталы бойынша пилотты бастадық. Портал арқылы азамат өз қажеттілігіне сай келетін әлеуметтік қызметтерге тапсырыс бере алады. Сондай-ақ, тамыздан бастап олар оңалтудың техникалық құралдарын алатын болады.
Биыл мүгедек азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспар бекітілді.
Дегенмен, мүдделі мемлекеттік органдардың жұмыла істейтін бірқатар мәселелері бар. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділік әлі де өз деңгейінде қамтамасыз етілмей отыр. Тіпті, қайта пайдалануға берілген нысандардың өзі көбіне қолжетімділік талаптарына сай келмейді. Бұл жұмысты жобалау, құрылыс жүргізу кезінде немесе қоғамдық көліктерді пайдалануға бермей тұрып жасау қажет.
Аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуде. Бүгінгі күні бұл көмекті 291 мың отбасы немесе 1,4 млн. астам адам алып отыр.
Еңбекке жарамды 413 мың алушының 86 мыңы жұмыспен қамту шараларына қатыса алса да, тек 60 мыңы (71%) ғана жұмыспен қамтылған.
Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, аз қамтылған азаматтарды қолдау үшін қосымша 70,1 млрд теңге бөлінді.
Әрбір қазақстандық отбасының қажеттілік деңгейін анықтау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп отбасылардың әлеуметтік карталары әзірленді.
Атаулы әлеуметтік көмектің негізгі міндеті – мұқтаждық жағдайынан шығу. Бірақ, бүгін көбіне ақшалай көмек қана көрсетіліп жатыр. Әкімдіктер қаражат алып, АӘК төлейді, бірақ оқыту және жұмысқа орналастыру сияқты қосымша шаралар тиісті деңгейде жүргізілмей жатыр.
Өңірлерде төлем төлеумен қатар, адамдарды жұмыспен, жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз етіп, мемлекеттік бағдарлама мүмкіндіктерін пайдалануға баса көңіл аудару қажет. Тек осы жағдайда ғана адам мұқтаждықтан құтылып, өзінің әлеуетін іске асыра алады.
Өңірлерді аралау барысында атаулы әлеуметтік көмекті артық төлеу, учаскелік комиссиялардың формалды жұмыс атқаруы, шынайы табыстың төмендетілуі сияқты фактілер анықталды. Мәселен, министрліктің мониторинг жүргізетін топтарының аралау жұмыстары кезінде әл-ауқатының деңгейі жоғары адамдардың АӘК алу фактілері анықталды.
Жалпы, азаматтардың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасын арттыру үшін әкімдіктер қамтамасыз етуі тиіс:
- жалақы бойынша берешектің болмауын;
- еңбек қызметін заңдастыруды;
- жұмыссыздық деңгейін төмендетуді;
- қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауды;
- жаңа жұмыс орындарын ашуды.
А.ж. бірінші жартысының өзінде жеке кәсіпкерлер арасындағы әлеуметтік төлем алушылардың 20%-ы зейнетақы жарналарын ең төмен мөлшерде, ал әлеуметтік аударымдарды ең жоғары табыстан төлеген.
Осыған байланысты Қаржы министрлігі жұмыс берушілердің, оның ішінде жосықсыз жеке кәсіпкерлердің қызметін есепке алу және мониторинг жүргізуді күшейту бойынша тиісті шаралар қолдануы және бар берешектің өтелуін қамтамасыз етуі керек деп санаймыз.
Тұрғындардың табысы мен өмір сүру сапасын арттыруда жұмыспен қамтамасыз етудің маңызы зор. «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы бірінші жартыжылдықта жұмыспен қамту шараларымен 281 мың адам қамтылды, оның ішінде 195 мың адам жұмысқа орналастырылды. Бірақ 70%-ы үшін ғана зейнетақы жарналары түсіп отыр.
Жалпы бағдарлама аясында 1,5 млн адам жұмыспен қамтылды. Оны жүзеге асыру қорытындысы бойынша 1 млн жұмыс орны ашылды, оның 800 мыңы – тұрақты. Теңгерімді сақтау мақсатында біз бағдарламаны 2025 жылға дейін әзірледік. Қанша қызметкер кетеді, қаншауы келеді? Шамамен 350 мың жұмыс орнын жыл сайын ашуымыз керек. Осылайша, жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан 4,5 пайызға төмендетеміз.
2019 жылы Елбасының «ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ» шараларын іске асыру шеңберінде 15 мың көп балалы отбасына, мүгедектігі бар адамдарға, жастарға жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік гранттар мен жеңілдікті микрокредиттер беруді бастадық. Сонымен қатар, сұранысқа ие кәсіптерге қысқа мерзімді оқыту мен үйде әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру іске асуда.
Елбасы тапсырмасы бойынша жыл басынан «Нұрлы Ертіс» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласынан Екібастұз қаласына 76 көпбалалы отбасы қоныс аударды, олар тұрғын үймен, жұмыспен, балабақшамен және басқа да әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етілді.
Жастарды жұмыспен қамтуды қолдау үшін «Жас маман» және «Жас кәсіпкер» жаңа жобалары, жастар практикасы жүргізілуде.
Үш жыл ішінде жаңғыртылған оқу орны базасында 100 сұранысқа ие кәсіп бойынша 200 мың жас маман дайындалады.
Бұдан басқа, Сіздің тапсырмаңызға сәйкес жұмыспен қамту шаралары күшейтілді.
Қосымша қаражат есебінен 56 мыңнан астам адам микрокредиттеу және мемлекеттік гранттар алу арқылы бизнес бастамаларын дамытуға мүмкіндік алады. Бөлінген қаражаттың 70%-ы ауылдық жерлерді қолдауға бағытталады.
Оқытумен қамтылатын азаматтардың саны екі еседей артады. Оның 70%-ға жуығы жастар болмақ.
Еңбек ресурстарына деген сұраныс пен ұсынысты теңестіру үшін болжаудың жаңа үш деңгейлі (қысқа, орта, ұзақ мерзімді негізде) жүйесі жасалды.
Кадрлар даярлау процесінде қоғамның, ірі команиялар мен кәсіпорындардың кеңінен қатысуын келесікей қамтамасыз ету керек:
- дуальді оқыту жүйесі бойынша кадрлар даярлау;
- ERG Атлас компаниясының қатысуымен жастарды кәсіптік бағдарлау үшін сұрансқа ие кәсіптерді енгізу.
Біздің бірлескен күш-жігеріміз қызметтер ұсынудың озық сипатына ие болуы тиіс, оның ішінде адамдар көп шоғырланатын жерелерде мобильді орталықтарды құру арқылы да. Бұл ықпал етеді:
- біліктілігі жоқ жастарды сұранысқа ие мамандықтар бойынша бағыттауға және дербес анықтауға;
- жұмыссыз тұлғаларға және нысаналы аудиторияға жұмыспен қату шараларын шұғыл көрсетуге (көп балалылар, аз қамтылғандар, зейнет жасы алдындағы тұлғалар).
Бұл ретте, барлық мемлекеттік бағдарламаларды нысаналы индикаторларды көрсетумен жұмыс орындарын құруға бағыттаудың маңызы зор.
Ағымдағы жылдың І жартыжылдығына 3,4 млрд теңге сомаға жалақы бойынша қарыз өтелді. Шамамен 25 мың қызметкердің құқығы қорғалды.
Үкімет еңбек жанжалдарының алдын алу және өндірістік жарақаттану мен еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыс орындарын азайту жөніндегі Жол карталарын бекітті.
Сонымен қатар жұмыс берушілердің жұмыскерлерге тең жалақы мен еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша міндет пен жауапкершілікті бекітуді, еңбекті қорғау бойынша заманауи жүйені енгізуді, электрондық еңбек шарттарына өтуді көздейтін Заң жобасы әзірленді.
Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Министрлік Сіздің тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша берген тапсырмаларыңызды дер кезінде толығымен орындайды.