Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз-хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
Сондай-ақ парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді.
"Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін сақтау.
Қазақстан славян екі халық арасындағы қақтығысты келіссөз арқылы тоқтату қажет екенін бірнеше рет мәлімдеген болатын", - делінген хабарламада.
Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр.