08 ақп, 2022 сағат 13:45

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік сатып алуға жауапты 55 қызметкерді жұмыстан босатты


«Самұрық-Қазына» жұмысшылары полиграфта тексеру арқылы іріктелмек. Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев осындай жоспарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз сатып алу мәселесіне жетекшілік ететін басшыларды атқаратын лауазымдарынан босату бойынша күрделі шаралар жүргіздік. 55 адам босатылды, заңнамаға сәйкес бұл жұмыс жалғасып жатыр», - деді Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, ол қор қызметкерлерінің арасындағы жемқорлықты жою бағытында қандай жоспары бар екенін ашып айтты.

«Сыбайлас жемқорлық көріністерінің тәуекелдерін табиғи жолмен азайтуға жол ашатын персоналды іріктеу және жалдау қағидаларына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, барлық үміткерлердің лауазымға сәйкестігін айқындау, психологиялық профайлинг, қызметкерлердің жыл сайынғы ротациясы, полиграфта тексеру жүргізіледі», - деді қордың басқарма төрағасы.