25 қаң, 2022 сағат 18:55

«Самұрық-Қазына» қорының 7 топ-менеджері қызметінен кетті


«Самұрық-Қазына» қорының 7 топ-менеджері қызметінен кетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы тапсырмаларын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгін жазған арыздарының негізінде қызметінен босатылды:

Кравченко Андрей Николаевич, Құқықтық сүйемелдеу және тәуекелдер жөніндегі басқарушы директор – «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма мүшесі.

Манкеев Мұхтар Наурызбайұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары жөніндегі басқарушы директор.

Дүрмағамбетов Ерлан Дмитриевич, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі басқарушы директор.

Тәжіғалиев Мұхтар Өтепқалиұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару жөніндегі тең-басқарушы директор.

Есполов Бектенбай Тілектесұлы, «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғам және Үкіметпен байланыс жөніндегі серіктес басқарушы директоры.

Түсіпбеков Жаннат Рашидұлы, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқарма төрағасы.

Қожақов Қуат Асқарбекұлы, «Samruk-Kazyna Trust» КҚ Бас директоры.

Портфельдік компанияларға корпоративтік орталық қызметкерлерінің санын заң талаптарына сәйкес екі есе қысқартып, өндірістік қызметкерлердің жалақысын алғашқы кезеңде орташа салалық көрсеткіштерге дейін көтеру туралы кеңес берілді.

Портфельдік компанияларға сатып алуларға жауапты барлық басшыларды заң талаптарына сәйкес қызметінен босатып, Қор тобына репутациялық әрі жемқорлық қауіп төндіретін барлық қызметкерлерді жұмыстан босату туралы кеңес берілді.

Портфельдік компаниялар бірқатар қызметкерлерді қысқартатынын жеткізді («ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ – 78 адам, «Қазатомпром» ҰАК» ҰҚ – 46 адам, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ - 32 адам және басқалар).

Бұған дейін жарияланғандай, корпоративтік орталық қызметкерлерінің саны екі есе қысқартылды (штаттық қызметтер 177-ден 124-ке дейін қысқарту, аутстаффинг 71-ден - толық жою). Басқарушы қызметтер 10-нан 5-ке дейін қысқарды. Құрылымдық бөлімдер саны 27-ден 18-ге дейін қысқарды.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының 2022 ж. 24-ші қаңтарындағы шешімімен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры А. К. Сұлтановтың, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Б.А. Сандықбаевтың, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС бас директоры А.Ж. Ақыловтың, «Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС бас директоры С.К. Елшібековтың уәкілеттіктері мерзімінен бұрын аяқталып, олармен еңбек қатынастары тоқтатылды.