Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов "Самұрық-Қазына" басшылығы сасқалақтап, ойланбай әрі кенет шешім қабылдап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" қорының жұмысын қайта қарауды тапсырды. Қоғамда қор тағдыры туралы қызу пікірталас басталды. Мамандардың құзыретті және кәсіби пікірлері хайпты жуып-шайып жатқаны алаңдатады. Қор басшылығы сасқалақтап, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін асығыс әрі күтпеген шешімдер қабылдап жатқанын көріп отырмыз. Қорды жаңғыртуға қатысты жоспарлы жұмысқа қайта оралу қажет деп санаймыз", - деді Жамалов премьер-министр Әлихан Смайыловтың атына жолдаған сауалында.
Ол "Самұрық-Қазына" құрылған кезде ұлттық компанияларды кәсіби корпоративтік басқару арқылы қызмет тиімділігін арттыру мақсаты қойылғанын нақтылады.
"Әңгіме кіріс және мемлекеттік бюджетке аударымдарды арттыру туралы болып отыр. Бүгінде осы уақыт ішінде "Самұрық" компаниясынан мемлекеттік бюджетке түсетін дивиденд көлемі олардың инвестициялық жобаларына бюджеттен бөлінген қаражаттан айтарлықтай аз болғанын көріп отырмыз. Мысалы, 2019 жылы "Самұрық" бюджетке 120 миллиард теңге дивиденд төледі. Ал таза пайда 1,4 триллион теңге болды", - деді Жамалов.