29 шіл, 2022 сағат 15:50

Самат Әбіштен Мәсімов ісі бойынша жауап алынды


ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш Кәрім Мәсімовтің ісі бойынша және басқа да айыпталушылардың ісі бойынша тергеуден өтті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Сондай-ақ Самат Әбіштің ұсталған бұрынғы ведомство басшыларына қатысты қылмыстық іс бойынша куәгер екені хабарланды.

"С.Әбіштен К.Мәсімовке, Садықұловқа, Ерғожинге,Осиповке қатысты істе және ҚР ҚК 366-бабының 4-бөлігі, 175-баптың 1-бөлігі, 179-баптың 3-бөлігі, 218-баптың 3-бөлігінің 3-тармағы, 362-баптың 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыс белгілері бойынша қозғалған қылмыстық істер бойынша куәгер ретінде жауап алынды.

Ұлттық қауіпсіздік органдары С.Әбішке қатысты қылмыстық істерді тіркеген жоқ, бұлтартпау шарасы таңдалмады", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.