Сахалиндегі Тымовское ауылындағы тұрғын үйде газ жарылып, тоғыз адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
19 қарашада таңертең Сахалинде тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болды. Жарылыс салдарынан бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, тоғыз адам қаза тапқан. Оның төртеуі бала екені анықталды.
Жарылысқа газ баллонын дұрыс сақтамау немесе дұрыс пайдаланбау себеп болған деген болжам жасалды.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, Тымовское ауылына қосымша 26 құтқарушы тобы жіберілген. Сонымен қатар, оқиға болған жерде Төтенше жағдайлар министрлігінің кинологтары мен психологтары көмектеседі.
Сахалиндегі Тымовское ауылындағы бес қабатты үй 1980 жылдары салынған. Онда 80-ге жуық пәтер бар. Кейінгі күрделі жөндеу 2016 жылы өткен.