Фото: ашық дереккөз
Тарих ғылымдарының докторы Марат Әбсеметов Қазақ радиосының Алтын қорынан Сәкен Сейфуллиннің екі күйін тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
1964 жылы Сәкен Сейфуллиннің 70 жылдық мерейтойы атап өтілген кезде, қобызшы Дәулет Мықтыбаев Қазақ радиосына келіп, Сейфуллиннен 1920 жылдары үйренген «Сарыарқа» және «Әупілдек» атты күйлерді орындаған.
Сонымен қатар, сол жылдары ақынның аспаптық пьесалар жазғаны туралы деректер мұрағатта сақталмай қалғаны айтылады.
Қазіргі таңда тек Сейфуллиннің екі күйі ғана табылды, алайда зерттеушілер оның одан да көп шығармалары болуы мүмкін деп есептейді.
Айта кетсек, 15 қазанда Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойы атап өтілді.