31 қаң, 2022 сағат 16:17

Сағынтаев Алматы әкімі қызметінен кетті


Бақытжан Сағынтаев Алматы әкімі қызметінен кетті, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығы бойынша Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Алматы қаласының әкімі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Бақытжан Сағынтаев 2019 жылдың маусым айынан бастап Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды, оған дейін наурыздан бастап Президент әкімшілігін басқарған, 2019 жылдың наурызында Мемлекеттік хатшы болды, 2016 жылдың қыркүйегінен бастап премьер-министр болған.