11 қар, 2022 сағат 16:10

Рудныйдағы егіздің жұмбақ өлімі: сараптама нәтижесі белгілі болды


Рудныйдағы екі 6 жасар баланың жұмбақ өліміне қатысты жасалған сараптама нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

Қостанай облысы ПД өкілдерінің сөзінше, сот-медициналық сараптама жасалған. Нәтижесінде балалар уланғаны расталған. 

"Тергеу аясында тағы бір сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша сарапшының алдына қойылған сұрақтарға жауап беруі керек", - деді полиция өкілдері.

Еске салайық, 14 қазанда Қостанай облысында 6 жасар екі бала жұмбақ жағдайда қайтыс болғаны хабарланған еді. 

Полиция осы іс бойынша соталды тергеуді бастады. "Наша Газета" мәліметінше, мессенджерлерде әйел адам екі баланың өліміне есірткі себеп болуы мүмкін екені айтып жатқан аудио тараған. 

"Үш күн бұрын әйел екі баласымен дүкенге барған, балалар сыртта қалған. Үйге келген кезде балалардың қолында белгісіз ер адам берген кәмпит болған. Кешке ұйықтар кезде ұлдары айғайлап, күле бастаған. Әйел балаларын көтерсе, олар өздігінен тұра алмаған. Осылайша, балаларды жедел жәрдем алып кеткен, бірақ келесі күні олар үйіне жіберілген. Сол күні екі бала жұмбақ жағдайда қайтыс болған", - деп жазады басылым. 

Артынша бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.