Фото: pexels.com
Рудныйда 4 адам тереңдігі бес метрлік бункерді тазалауға түсіп, қайта шықпаған. Олардың денесі құтқарушылар алып шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, оқиға 6 қазанда болған. 112 пультіне Қостанай облысының Рудный қаласындағы тереңдігі 5 метр болатын бункерді тазарту жұмыстарын жүргізу барысында 4 адам түсіп, қайта шықпағаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына ТЖД қызметкерлері , полиция және жедел медициналық көмектің қызметкерлері дереу жеткен.
"Құтқарушылар жұмысшылардың денелерін бункерден шығарып алды. Жедел медициналық қызмет мамандары олардың көз жұмғанын анықтады", - делінген өңірлік ТЖД хабарламасында.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.