01 там, 2022 сағат 17:00

Рим Папасы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 13-15 қыркүйекте Рим Папасы Франциск Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Сапар аясында еліміздің жоғары басшылығымен кездеседі, сондай-ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысады деп жоспарланған", - делінген хабарламада.