Ұлттық харекет партиясының төрағасы Девлет Бахчели Халық альянсы атынан президенттікке таласатын үміткерлер жайлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Режеп Тайып Ердоғанның 2023 жылғы маусымда өтетін сайлауда Халық альянсы атынан бақ сынайтынын растады.
«Біздің президенттікке үміткеріміз белгілі, ол - Режеп Тайып Ердоған мырза. 2023 жылы маусымда өтетін сайлауда Ердоған мырзаның үлкен басымдықпен алға шығатынына және Халықтық альянстың тағы бір жеңіске жететініне сенімдімін», - деді Девлет Бахчели.
Бахчели кей ортада қазіргі президент Ердоғанның бұдан былай сайлауға түспейтіні жайлы түрлі алып-қашпа әңгіме тарағанын сөз етіп, бұл мәлімдеменің заңды және конституциялық негізі жоқ екенін, объективті шындыққа сай еместігін атап өтті.