23 қыр, 2022 сағат 12:43

Ресеймен шекараның кейбір учаскесінде көліктердің жиналуы байқалады - МКК


Ресейден Қазақстанға өткізетін пункттерде автокөліктер кезегі байқалады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) хабарлады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"21 қыркүйектен бастап Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына өтетін жеңіл автокөліктер саны 20 пайызға өсті. Осыған байланысты Қазақстанға кіреберістегі Ресеймен шекараның кейбір учаскелерінде көліктердің жиналуы байқалады", - деді ведомство өкілдері.

Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, көліктер кезегі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.