ҰҚК Шекара қызметі Ресеймен шекараның жабылуы туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақ-ресей шекарасындағы өткізу пунктерінің жабылуы туралы ақпарат тарап жатыр. Қазақстандық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаймыз.
Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамалары мен халықаралық келісімдеріне сәйкес іске асырылып жатыр" - делінген хабарламада.
Әзірге Ресей тарапынан өткізу пунктерінің жабылуы туралы ресми ақпарат түспеген.